Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда АЭС салу бойынша 6 қазан күні референдум өтетінін ресми мәлімдеді. Енді сол референдумда Қазақстан халқы өз таңдауын жасайды. Аталған мәселеге қатысты Үкіметтің басты аргументі «энергия жетіспейді, АЭС сол энергетикалық тапшылықты жоюға көмектеседі» деген месседж болса, ал халықтың ойында елдің экологиялық қауіпсіздігі бірінші орында тұр. Кеше Financial Times басылымы британ жерінде салынып жатқан жаңа АЭС-тың проблемаларын жазды. Сегіз жыл бұрын мақұлданған жобаның қиындықтарын Aikyn.kz материалға сүйеніп талдайды. Жаңа атом электр стансаларын қаржыландыру инвесторлар үшін әрқашан қиын болып келеді. Сомерсеттегі (Somerset) EDF компаниясының Hinkley Point C сияқты ірі электр стансаларындағы үлкен шығындар ядролық энергияны «тәуекелі жоғары және технологиялық…
Сен
09
2024