Қуат тапшылығынан құтқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне байланысты референдум өтетіні туралы хабарланғалы белгілі. Қазір атом электр стансасын салу мәселесі жан-жақты талқыланып жатыр. Сонымен, атом электр стансасын салудың маңыздылығы не? АЭС салу қандай қажеттіліктен туындап отыр? АЭС құрылысынан келетін қауіп бар ма? Көпшіліктің көкейіндегі осы сұрақтардың жауабын атыраулық ғалымдардан сұраған едік. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Владимир Яшковтың айтуынша, атом энергетикасын дамыту – болашақта болатын энергия тапшылығын болдырмау үшін қажет. – Алдымен Қазақстанның энергетика объектілеріне тоқталып өтелік. Бірінші көмір туралы айтар болсақ, Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді. Париждің шығарындылар жөніндегі келісіміне сәйкес,…