АЭС – дамуға бастайтын жоба
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ербол Байқонысов, Экологиялық кеңестің төрағасы Жеңіс Тұрғанов және кеңес мүшелері, жас экологтар мен бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты. Отырыс барысында атом электр станциясы жобасының маңызы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланды. Ербол Байқонысов жиынға төрағалық етіп, атом энергетикасы секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанымызды атап өтті. «АЭС құрылысы – Қазақстанның ұзақ мерзімді табысты дамуының кепілі. Барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасының тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – қауіпсіз, сенімді және экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз», – деді ол. Экологиялық кеңестің төрағасы…