Энергия тежелсе, көрсеткіш құлдырайды
Ел ертеңі қандай боларына таңдау жасайтын күн таяп қалды. Егер АЭС-тен бас тартсақ, алдағы уақытта қандай қиындықтарға тап боламыз? Бұл сұрақ көптің көкейінде жүргені анық. Себебі энергия көзі тапшы мемлекетте барлық сала бойынша даму тежеліп, экономикалық көрсеткіштер құлдырай бастайды. Атом электр стансасы салынбаса, еліміз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күрделі қиындыққа тап болуы мүмкін. Бүгінде электр энергиясы негізінен тым ескіріп кеткен, сол себепті қомақты инвестицияға мұқтаж көмір стансаларында өндіріліп жатыр. Жаһандық декарбонизация және парниктік газ шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелер тұрғанда көмір өндірісіне қаржы құюдың қисынсыз екені тағы белгілі. Енді АЭС сияқты баламалы энергия көздерінсіз ел энергия тапшылығы, генерациялаушы қуат құрылымындағы теңгерімсіздік…