Талғат Темірханов: АЭС Қазақстанды энергетикалық тәуелділіктен құтқарады
АЭС салу мәселесінің көтерілуі – соңғы 2-3 жылда энергетика саласында біраз өзгерістердің болуымен байланысты болып отыр. Соның бірі Екібастұз, Риддер Петропавлда қыстың көзі қырауда жылу жүйелерінде болған апаттар. Бүгінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып тұр. Қазақстанда АЭС салу – жаңа энергетикалық қуат көздерін арттыру ғана емес, бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен экономикалық тұрақтылығымыздың кепілдігі. Бүгінде әлемде мемлекетті тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз ету дегеніміз – табысты экономикалық өсу мен әрбір азаматтың әл-ауқатының кілті болып отыр. Осы орайда Қазақстанның мүмкіндігі қандай екенін білу мақсатында «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Талғат Темірхановқа хабарласып, әңгімелескен болатынбыз. – Атом энергиясы –…