Президент Жолдауын іске асыру: экономикалық даму мен тұрақтылықты нығайту үшін өңірлердің дербестігін арттыру
ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бұл процесс жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктерді беруді көздейді. Өңірлік органдардың өкілеттіктерін кеңейту халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады. Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бойынша: Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы келесі көрсеткіштер жүзеге асырылды: Аудандық…