Ақмола облысында жылыту маусымына дайындық қалай жүргізілуде
Биылғы жылыту маусымына дайындық кезінде жылумен жабдықтау көздері және желілерінің тозуы жоғары өңірлерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақжол Қылышбаев баяндады, -деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда 1142 қазандықтың 1132-сі, 786 білім беру нысанының 778-і, 567 денсаулық сақтау нысаны, 2642 тұрғын үйдің 2065-і жылыту маусымына дайын. Жылу желілерінің 33,6 шақырымына жөндеу жоспарланса, қазіргі уақытта шамамен 21,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы үкімет резерві есебінен Көкшетау, Степногорск және Атбасар қалаларының жылу көздеріне және жылумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Жөндеу жұмыстары Көкшетау қаласы бойынша Юбилейный,…