«Игі істер марафоны» жобасы
2024 жылғы 9 шілдеде әрбір қазақстандықтың мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы (бұдан әрі - Марафон) бастау алды. Марафон ағымдағы жылғы 9 шілдесі мен 1 желтоқсаны аралығында өтеді. Марафон аясында «Мейірімділік апталығы мен тақырыптық іс-шаралар» өткізу жоспарланған: - 9-14 шілде аралығында «Экология» апталығы; - 12-18 тамыз аралығында - Жастар күніне арналған апта; - 23-29 қыркүйек аралығында - Қарттар күніне арналған апта; - 3-9 қазан аралығында - жануарларды қорғау күніне арналған тақырыптық іс-шаралар; - 4-10 қараша аралығында – «Инклюзия» бағытындағы мейірімділік апталығы. Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылады,…