Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша Ерейметау ауданының әкімдігі фермерлік шаруашылықтармен жер пайдалану шарттарын ұзартты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Ерейментау ауданының фермерлік қожалықтарынан жер учаскесіне жалдау шартын ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар туралы бірнеше өтініш келіп түсті. Осылайша, жер заңнамасына сәйкес жер пайдаланушы жер қатынастары саласындағы уәкілетті органды жалдау шартын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде ұзарту ниеті туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган жаңа мерзімге шарт жасасу ниеті туралы әкімдікке алдын ала хабарламаған өз міндеттерін тиісті атқарған жер пайдаланушыларға жер учаскелеріне жалдау шарттарын ұзартудан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өз міндеттерін тиісінше орындаған…