Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2 ақпанда кезектен тыс ХХ съезін өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні сағат 11:00-де Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс ХХ съезі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның сайтына сілтеме жасап. Съезд жұмысына Қазақстанның бүкіл аймақтарынан келген партия филиалдарының делегаттары қатысады. 2023 жылдың 21 қаңтарында ЖСДП төралқасы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатынын хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, тағы бір саяси ұйым - AMANAT партиясының съезі 7 ақпанға жоспарланғанын хабарлаған едік.