ОСК 157 халықаралық байқаушыны аккредиттеу туралы шешім қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 157 халықаралық байқаушыны аккредиттеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 16 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 165 байқаушы ресми тіркеуден өткен. «Сыртқы істер министрлігінен 23 мемлекет пен 6 халықаралық ұйымның 157 халықаралық байқаушысы тіркеуден өткізуге ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Ирак, Испания, Италия, Норвегия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия мемлекеттерінен бір кандидатурадан, Канададан 2 кандидатура, Монғолиядан 2 кандидатура мен сол елдің Орталық сайлау комиссисяның төрағасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Польша және Хорватия мемлекеттерінен екі кандидатурадан, Мажарстан…