Норвегия мен Польша байқаушылары еліміздегі дауыс беру процесіне баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы дауыс беру процесінде кемшіліктер байқамағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оңтүстік Шығыс Норвегия университетінің лекторы, халықаралық байқаушы Глен Агунг Холенің айтуынша, депутаттарды сайлау заң талаптарына сай жүріп жатыр. «Астанадағы бірнеше сайлау учаскесінде дауыс беру қалай жүріп жатқанын байқап келдім. Осы орайда сайлау процесі дұрыс жүріп жатыр деп айта аламын. Бұл учаскелерде басқа да халықаралық байқаушылар болды», - деді Г. Холе елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде. Өз кезегінде Бойма атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының ғылыми кеңесшісі (Польша) Ежи Олендзкий әділ сайлау процесі кез келген мемлекет үшін маңызды екенін айта келе, Қазақстандағы…