
Umai-2023 сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдаудың аяқталуына екі апта қалды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті байқауға қатысуға өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданатынын еске салды. Биыл Umai сыйлығының саны артты, ал «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бұрынғыша қалды. - Umai-2023 шығармашылық мамандық өкілдерінің асқан қызығушылығын оятатындығына және тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері өз қарауына отандық өнердің дамуына тың серпін беретін қызықты да сан алуан жұмыстарды алатынына сенімдіміз. Еліміздің өңірлерінен қатысушылар саны артады деп күтудеміз, өйткені байқаудың жоғары ұлттық дәрежесі жастарға шығармашылық шыңдарды бағындыруға серпін бере алады, - деп атап өтті Umai ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті. Ұйымдастыру…