
19 наурыздағы сайлау: дауыс беру кезінде нені білу керек?
19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Tengrinews.kz тілшісі сайлаушыларға арналған жадынама дайындады. Қандай құжаттар керек? Әр сайлаушы жеке дауыс беретінін білуі керек. Сайлау бюллетенін алу үшін жеке куәлік болуы керек. Дауыс беру тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер құратын сайлаушылар тізімі бойынша жүргізіледі. Оған белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары кіреді: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмағандар. Дауыс беру қалай өтеді? Сайлау бюллетені сайлаушыға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Келесі кезекте сайлаушы бюллетеньді алғаннан кейін тізімге қол қояды. Сайлаушылар бюллетеньдерді жасырын дауыс беру кабинасына кіріп, толтырады. Дауыс беру бюллетенінде…