
Құқық қорғаушы Әлтаев туралы: Сот дұрыс шешім қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тануы дұрыс. Мұндай пікірді «Әділ сайлау үшін» штабының мүшесі, заңгер Ермек Әбдірасылов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Меніңше, сот дұрыс шешім қабылдады. Онда (сотта) қажетті барлық материал бар. Қоғамдық бірлестіктердің жиналысы қалай өтуі тиістігі, қанша адам қатысу керектігі, филал өкілдіктерінің қандай пайызы сол жиналысқа қатысуы қажеттігі жазылған жарғы бар. Мендегі ақпаратқа сәйкес, филиалдар ұсынған өкілдердің саны толық қатысқан жоқ. Ал жиналысқа кемінде 40 адам қатысуы тиіс еді. Бейнежазбадан не бәрі 17 адам қатысқаны анықталды. 11-і қарсы шығып, алтауы Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуды жақтап…