День: 02.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзі

Құрметті партияластар! Ең алдымен, баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар. Бірінші наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды. Созданная Первым Президентом Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым партия «Nur Otan» сыграла важную роль в государственном строительстве. Она объединила вокруг себя…
Подробнее