Қазақстандық өнімдер ЕО және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығады
📌 Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорттың жаңа бағыттарын ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 7 елмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 16 ветеринариялық сертификатқа қол қойылды. Үкімет жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сауда дипломатиясындағы жетістіктер туралы айтты.
Жаңа нарықтарға қолжетімділіктің арқасында 10 айда сиыр етінің экспорты 30,2 мың тоннаға (өсім 1,7 есе), ал қой еті – 25,5 мың тоннаға (өсім 1,9 есе) жетті. Әзербайжан (мал шаруашылығы өнімдері), Моңғолия (ұсақ мал), Марокко (жем), Иран (тері) және ЕО (бал) нарықтары ашылды.
Қазіргі уақытта Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, БАӘ елдеріне ет пен сүт жеткізу мәселесі пысықталуда. Қатар мен Ұлыбританиямен бал экспорты, ал Эквадормен бірге артемия асшаян уылдырықтарын жеткізу талқылануда.
«Мұндай өсім сапалы қазақстандық етке деген жоғары сұранысқа негізделген. Біз қосылған құны жоғары өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін бағыттарды әртараптандыруды жалғастырамыз»,
— деді Айдарбек Сапаров.
➖
Казахстанская продукция выходит на рынки ЕС и стран Персидского залива
📌 Минсельхоз ведет активную работу по открытию новых экспортных направлений. В результате переговоров с 7 странами подписано 16 ветеринарных сертификатов. Об успехах в торговой дипломатии рассказал министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров на серии итоговых пресс-конференций Правительства.
Благодаря доступу на новые рынки за 10 месяцев экспорт говядины достиг 30,2 тыс. тонн (рост в 1,7 раза), а баранины – 25,5 тыс. тонн (рост в 1,9 раза). Открыты рынки Азербайджана (животноводческая продукция), Монголии (МРС), Марокко (корма), Ирана (шкуры) и ЕС (мед).
В настоящее время прорабатываются поставки мяса и молока в Японию, Южную Корею, ОАЭ. С Катаром и Великобританией обсуждается экспорт меда, а с Эквадором – поставки цист артемии.
«Такой рост обоснован высоким спросом на качественное казахстанское мясо. Мы продолжим диверсификацию направлений, чтобы обеспечить сбыт продукции с высокой добавленной стоимостью»,
— сообщил Айдарбек Сапаров.
📱 @KZgovernment
