Сарапшылардың пікірінше, этносаралық келісім тек әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге инновациялық және мәдени дамудың маңызды қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастардың тоғысуы жаңа идеялардың, креативті шешімдердің және жаңашыл бастамалардың пайда болуына ықпал етеді.

Этносаралық достық деңгейі жоғары болған сайын, білім алмасуға, бірлескен жобаларға және мәдени интеграцияларға қолайлы орта қалыптасады. Қазақстанда келісім мен өзара құрмет құндылықтарын нығайту – әр этнос өкілінің қабілетін толық ашуға мүмкіндік береді, адами капиталдың өсуіне, халықаралық байланыстардың кеңеюіне жол ашады.

Осылайша, этносаралық келісім – заманауи, білімді және әлемге ашық ұлт қалыптастырудағы қуатты құрал.

Камшат Қадылқызы- Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также