Қазіргі Қазақстан – мәдениетаралық ашық диалог алаңы, мұнда достық пен келісім әртүрліліктің құндылығын мойындауға негізделген. Елдегі этностар мәдени, білім беру және қоғамдық жобаларға белсенді қатысып, ынтымақтастыққа құрылған ортақ гуманитарлық код қалыптастыруда. Тілдердің көптүрлілігін дамыту, дәстүрлерді насихаттау, бірлескен әлеуметтік бастамалар халықтар арасындағы түсіністік пен сыйластықты күшейтеді. Мұндай атмосфера толеранттылықты, өзара құрмет пен бірлікті нығайтады, олар қазіргі қазақстандық қоғамның басты сипаттарының біріне айналып отыр. Осы мәдени байлық Қазақстанды әртүрлі этнос өкілдері өздерін тек көрші емес, шынайы серіктес және дос ретінде сезінетін ортаға айналдырады.
А.Ильясова-Атбасар тарихи -өлкетану музейінің меңгерушісі.
