Қазақстан достық пен келісімді жай ұран емес, елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік тұрақтылығының нақты факторы екенін дәлелдеп келеді. Мемлекеттің этносаралық сенімді нығайтуға бағытталған ұтымды саясаты қоғамда қолайлы ахуал қалыптастырып, экономикалық өсімге, инвестиция тартуға және стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Этникалық қақтығыстардың болмауы, азаматтық интеграцияның жоғары деңгейі адами капиталдың дамуына кең мүмкіндік береді. Қазақстан моделі этностар арасындағы тұрақты келісім — елдің өркендеуінің, ортақ жауапкершілік пен біртұтас болашақ құрудың негізгі шарты екенін көрсетеді.
Камшат Кадылкызы-Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы
