Этносаралық келісімді сақтауда азаматтық қоғам институттарының, этномәдени орталықтардың және түрлі диалогтық алаңдардың рөлі айрықша. Олар тек ұлттық мәдени мұраны сақтап қана қоймай, бірлескен мәдени жобаларға, білім беру бастамаларына және ашық пікір алмасуға мүмкіндік жасайды. Қазақстандағы этносаралық өзара іс-қимыл алаңдары әрқашан ашықтық, теңдік және өзара құрмет қағидаттарына негізделеді. Бұл қоғамда сенімді нығайтады, әлеуетті жанжалдардың алдын алады және ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Мұндай тәсіл елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сақталуына зор үлес қосады.
Камшат Кадылкызы- Атбасар ауданының тілдерді оқыту ориалығының басшысы
