Елдегі тыныштық пен тұрақтылық – кез келген елдің дамуы үшін маңызды шарт. Егер қоғамда халықтар арасында келісім болса, бизнес те еркін дамиды, инвесторлар сеніммен келеді, адамдар да тыныш әрі жемісті жұмыс істейді. Қазақстанға көптеген елдер сенім артады, себебі мұнда ұлтаралық жанжал жоқ. Бұл – зауыттар салып, кәсіпорындар ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Яғни, этносаралық келісім – тек рухани құндылық емес, бұл – елдің экономикалық табысының маңызды факторы.
А.Уткербаева, БЖШО директоры