Кейде адамдар халықтар арасындағы достықты жай сәттілік деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде бұл – үлкен әрі үздіксіз еңбектің нәтижесі. Мемлекет барлық жағдайды жасайды: этномәдени орталықтарды қолдайды, ұлттық мерекелер өткізеді, теңдік құндылықтарын саясатқа енгізеді. Бірақ ең маңыздысы – адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы. Ізетті болу, кемсітпеу, адамдарды ұлтына қарап бөлмеу – бұл да этносаралық келісімге қосылған үлес. Әрбір адамның әрекеті қоғамдағы ахуалға әсер етеді. Егер бәріміз бірге осы бейбітшілікті, достықты, келісімді сақтап қалуға тырыссақ – еліміз одан сайын берік, бақытты болмақ.
Атбасар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры.
Кожахметов Ж.К.