Қазіргі заманда ұлтаралық келісім тек әлеуметтік-мәдени құндылық қана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық ресурс болып саналады. Әр этнос өкілдері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас ішкі қақтығыстардың алдын алып, сыртқы күштердің тұрақсыздық тудыру әрекеттерін бейтараптандырады. Қазақстан ұзақ жылдар бойы бірлікті нығайту тәжірибесіне сүйене отырып, ашық диалог, мәдени ерекшеліктерді құрметтеу және барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықтың берік негізін қалады. Ұлтаралық үйлесімділікті қолдау мемлекеттілікті күшейтіп, билікке деген сенімді арттырады және әрбір азаматтың өзін біртұтас халықтың ажырамас бөлігі ретінде сезінуіне жағдай жасайды.
А.Ильясова — Атбасар тарихи -өлкетану музейінің меңгерушісі.
